24 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №1-3/920

288 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 13 қазан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес бұйырамын: 1. Мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарлар қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 25 маусымдағы № 5-2/325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9615 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызында «Әділет» нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 249 (28472) санында жарияланған): атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының қорларын есепке алу нысанын және есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы»; кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8) тармақшасын, «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:»; 2) «Аңшылық минимумын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-03-02/95 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7545 нөмірімен тіркелген, «Әділет» нормативтік құқықтық актілері ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 шілдеде, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған): кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бұйырамын:»; 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. МАМЫТБЕКОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 13 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12282 болып енгізілді.